Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Облыстық әдістемелік кеңеске қатысу 

2020 жылдың 9 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  «Шығыс»  өңірлік  орталығы мұғалімдердің пәндік қауымдастығының жұмысы бойынша әдістемелік кеңес өткізді.

Кеңес барысында Өскемен мектептеріндегі физика-математика мұғалімдері қауымдастығының тәжірибесі таныстырылды.  Өскемен қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысының м.а. А.З. Нурпеисова мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы қала мектептерінің математика, физика және информатика мұғалімдері қауымдастығының рөлі туралы айтты.