Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қала мектептерінің «Жас құтқарушы» жасақтары арасында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған «Ең үздік коллаж» атты конкурсы туралы

№ 29 ҚБМО «Жас құтқарушы» орталығы Өскемен қ.ТЖБ бірлесіп ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында қала мектептер арасында «құтқарушылар жұмысы» тақырыбында «Ең үздік коллажға» конкурс жариялады.

Байқауға № 29, 16, 39, 10, 22, 27, 37, 1, 22, 42, 36, 26, негізгі орта мектеп-интернат, Меновное мектептерінің жас құтқарушылар жасақтары белсенді қатысты. Журидің сотына барлығы 60 дана жұмыстары жіберілді.

Айта кетсек, конкурсқа ең белсенді боп № 39 мектебі қатысты, оның оқушылары конкурсқа 28 жұмыс жіберді.

Балалар өз жұмыстарында құтқарушы, өрт сөндіруші мамандықтары туралы өз ойлары мен түсініктерін көрсетіп қана қоймай, компьютерді меңгеру деңгейін көрсетті.

Өскемен қаласының ТЖБ педагогтары мен кәсіби құтқарушыларынан құралған, конкурстық комиссиясы, жеңімпаздарды таңдау кезінде тақырыпты беру ерекшелігін ғана емес, сонымен қатар оны компьютерлік графикада орындау күрделілігін де ескерді. Таңдау өте қиын болды, барлық жұмыстар жоғары бағаға лайық болды, бірақ қорытындысы бойынша жүлдегерлерге келесі жұмыстар шықты:

1 орын. Миронихина Валерия (№29 ор.м.), Жеңісов Рамазан (№16 ор.м.), ХасеновАнуар, Шербинин Никита, Рахымбаев Ислам, Ким Владислав (№39 ор.м.), Москвина Диана (№19 ор.м.), Мартынов Максим(№36 ор.м.), Қанатұлы Нұрәлі (№42 ор.м.), Сундиков Кирилл (№10 ор.м.), Дорогина Дарья (№27 ор.м.).Асенов Жангир (№1 ор.м.). Дмитриева Арина (негізгі орта мектеп-интернат ), Рахимов Рустам (мектеп.22).

2 орын.БародинМаксим, АдылбековаАльнура, Прыгов Артур, Джурмакбаева Лаура, Назарова Кира (№39 ор.м.), Азарова Софья (№10 ор.м.), АсеновЖангир (№1 ор.м.), Сапаева Алина (№16 ор.м.), БайгоновТагир (№26 ор.м.), Ринатов Архат (№27 ор.м.), Қалиақпароватогжан (№27 ор.м.), Троеглазов Виталий (№37 ор.м.)

3 орын. БакбулатовЕрболат(№16 ор.м.), Сейсенбина Малика, Кандрашенко Ярослав, Жеңісбековаалия, Ибрагим Махмудов, Наволокин Ярослав (№39 ор.м.), Федоров Артем, Кенжебаева Адель (№37 ор.м.).

Қалған қатысушылар белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау жұмыстарынан басқа № 1 мектептің 6 А сынып, № 16 мектептің 6 ә сынып, № 29 мектептің 10 А сынып, № 26 мектептің 10 А сынып, № 19 мектептің 6 г сынып және интернаттың негізгі орта мектебінің 7 б сынып оқушылары Құтқарушылар күніне орай өздерінің бейнеқұттықтауларын жолдады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшылығынан оларға алғыс хаттар жіберілді.

Өрт сөндірушілер балаларға құттықтаулары үшін шынайы алғыс білдіреді және мықты денсаулық пен оқуда табыс тілейді.