Рухани келісім күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы
Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ 2020 жылғы 12-16 қазан аралығында Рухани Келісім Күні аясында іс-шаралар өткізілді.
3-11 сыныптарда сынып сағаттарында бейнефильмдер көру ұйымдастырылды:
· «Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісім»;
· «Қазақстандағы конфессияаралық келісім Еуропалық Парламентте жоғары бағаланды»;
· «Рухани келісім - бірлік пен консолидацияның негізі».
Тарих және дінтану сабақтарында әңгімелер жүргізілді:
· «18 қазандағы мереке тарихынан» - (8 сынып)
· «Конфессияаралық келісім - Қазақстанның рухани өркендеуінің кепілі» - (9 сыныптар)
· «Адами құндылықтар - әлемдік діндердің негізі» - (10-11 сыныптар)
3-11 сыныптар сынып сағаттарында оқушылар «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» презентациясының материалдарымен танысты.
1-4 сынып оқушылары 30 адам көлемінде «Әлем. Достық. Келісім» мектеп сурет байқауына қатысты.
Өткізілген іс-шаралар туралы есеп ата-аналар чаттарына, мектеп сайтына және Өскемен қаласының білім бөлімінің сайтына жіберілді.