Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оразова Айсұлу 10 «Ж»

Эссе "Бір ел – бір тағдыр"

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек». Халық – өмірдің бар кезеңін басынан бірге кешетін, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін ұлыс.

Әр елдің өзінің тарихы, өмір сүру формасы, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Қазақ халқы көне жылдардан қонакжай болып, үлкендерді сыйлап, кішілерге үлгі бола білген халық. Қазақ елінің тарихын қазбалайтын болсақ, Отан үшін қаншама қан төгіліп, қаншама соғыстардың, көтерілістердің болғаны анық.

 Елімізді біз қорғамасақ, кім жақтап, қостайды? Расында да, халқымыз баланы кішкентай кезінен бастап, Отанымыз үшін өмірімізді қиюға, туған жерімізді бағалауға үйретіп, тәлім-тәрбие берді. Тіпті қыздарымызды да намысшыл, туған жерін қастерлеп, аялап өтуге тәрбие берген. Мәселен, сонау Ұлы Отан соғысы кезінде есімдері әйгілі Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды қазақ қыздары еліміздің болашағы үшін, оның аман-сау өтуі үшін жанын берген. Желтоқсан көтерілісінің Лаззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Әуезов Жәлел, Рақымжанова Гүлмира деген оқиға құрбандары ел үшін, жер үшін жастық шағында өмірін берді.

«Қазақ халқының мәдениетінің, рухының қаймағы бұзылған жоқ. Тегі – сол тек, ол – «көк бөрі». Қанша дауыл соқсын, үскірік аяз шалсын қиындықтарды жеңіп, даламен де, қаламен де, жалпы әлеммен бірге үндестікте келе жатыр. Бұл көкжалдық емей немене?!» - деген тұжырымды Түркия Республикасының бұрыңғы мәдениет министрі айқындады. Неліктен «көк бөрі» деген сұрақ? Халық даналығы бойынша «Құс алған көкке қарар» деген екен, бұл қазақ халықының сонау бастан қыран құс «Жеті қазынаға» кіретін болған екен, ал «бөрі» қасқыр, қасқырдың күшігі. Сонымен қатар, «көк бөрі» - түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі.

Қазақ халқы үшін Отан оттанда ыстық, себебі, ол сол жерде дүниеге келіп, дүниеден өтеді. Қазіргі кезде жері жоқ, елінің тарихын, тілін білмейтін «мәңгүрт» халық та бар. Сондықтан, осы Республикада дүниеге келгенім үшін, өмір сүріп жатқаным үшін алғысымды айтып, туған жерімді, елімді мақтан тұтамын.