Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

5 «А» сыныбы
Қабдыкәрім Нұрай
Сынып жетекшісі: Мухаметжанова Л.К.

Эссе «Бір ел - бір тағдыр» 

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман, -

 

деп шығыстың ақыны Қасым Аманжолов жырлағандай Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыз. Осы бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай қиыншылықты бастан кешті. Біз қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Біздің ата-бабаларымыз өмір үшін күрес жолында ешбір қиындықтан тайсалмастан жауға қарсы шықты «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері ешқашан ұмытылмақ емес. Сол сұрапыл соғыста қан төккен ата-бабаларымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз ел атанып, өзінің Әнұранын, Туын, Елтаңбасын алғанына биыл 29 жылдың жүзі болды. Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігі, жетістігі ең алдымен халқымыздың бақыты. Мемлекетіміздің, отанымыздың, халықтың жағдайы жақсы болса біздей өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың болашағы зор деген сенімдемін. Тарихымызды өшірмей, отанымызды, барымызды бағалай білсек, біл жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұлан ғайыр жерімізді қорғай білсек, онда ата-бабаларымыз салып кеткен жолды қадірлеп, сақтай білгеніміз. Ел тағдыры әр Қазақстан азаматының қолында. «Бір ел – бір тағдыр» - деген сөздің мағынасын өзім осылай түсінемін.