Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тұңғыш Президент күніне арналған  «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты 

27 қараша  2020ж. Тұңғыш Президент күніне арналған Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейінің 7- сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің  балалық шағы, қызметтік жолы, еңбектері туралы толық мәлімет беру, оқушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатында оқушылар Тұңғыш Президентке арналған  өлеңдерін мәнерлеп  оқып, Президент  өміріне, еңбек жолына қатысты тың деректер   айтып, өзіндік   ой-пікірлерімен  бөлісті. Елбасының Қазақстанның   өркендеуіне  қосқан  зор  үлесі  жайлы айта келіп, жастар саясатына ерекше көңіл бөліп жатқандығын тілге тиек етті. Н.Ә.Назарбаевтың жастарға үлгі  боларлықтай  өнегелі өмірінен деректі фильм,слайдтар  көрсетілді.Тәрбие сағатының әр оқушыға берер тағылымы мол болды.