Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Кітапқа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акциясы

2020 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында «Кітапқа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акциясының айлығы өтуде.      

2021 жылдың 6 қаңтарында қаланың барлық мектептерінде мектептерге кітап сыйлаудың бірыңғай күні өтті. Қайырымдылық акциясына 1-11 сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар, түрлі жастағы мектеп түлектері қатысты. Бұл күні мектептерге ғылыми-көпшілік, анықтамалық, көркем және балалар әдебиетінің 1731 данасы сыйға тартылды. Әр кітапта акцияға қатысушылар өз оқырмандарына ізгі тілектерін жазды. Мектеп кітапханаларында сыйға тартылған кітаптардың ашық көрсетілімдері ұйымдастырылды.