Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық бойынша семинар

2021 жылдың 6 қаңтарында білім беру бөлімінде қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық бойынша семинар өткізілді. Семинар жұмысына қала мектептерінің жаратылыстану - ғылыми цикл пәндерінің мұғалімдері қатысты. ҰБТ-ға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен мұғалімдер Р.Каблакатова (3 мл биология пәні мұғалімі), Т. Москвичева (39 ом химия пәні мұғалімі), А. Тоқтарғожина (5 ом география және биология пәндерінің мұғалімі), Г. Тамимдарова (30 ом география пәні мұғалімі) бөлісті. Педагогтер химия, биология, география пәндері бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті, қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша өз сабақтарында қолданатын тиімді әдістер мен тәсілдер туралы айтып берді. Іс-шара модераторы білім беру бөлімінің әдіскері Н.Капчикова іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге жоғары баға беріп, семинардың қорытындысын шығарды.