Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Орыс тілі мен әдебиеті бойынша МӘК жетекшілерінің семинары

2021 жылғы 8 қантарда қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Өскемен қаласы білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті бойынша МӘК жетекшілерінің семинары өтті.

Модератор ретінде қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Л.С. Сапарова сөз сөйлеп, төмендегі өзекті мәселелерге басты назар аударды:

1. БЖБ және ТЖБ өткізуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

2. Қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде пән бойынша қайталауды ұйымдастыру.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Н.М.Коновалова (№ 2 мектеп), С.И.Рожнева (№ 4 мектеп), Г.Ш.Мухамеджанова (№ 16 мектеп), Г.Ж.Утеева (№ 35 мектеп), А.Т.Бегембаева (№ 45 мектеп), Г№С№ Сагиева Г.С. (№ 48 мектеп) өз тәжірибелерін ортаға салып, әріптестермен бөлісті.

Семинар өз деңгейінде өтті.