Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қаланың жетекші мектеп басшыларымен ПШО филиалының кездесуі

2021 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласының білім беру бөлімінің бастамасымен «Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырудағы жетекші мектептердің  рөлі» атты тақырыпта вебинар өтті.  Вебинарға Өскемен қаласы ПШО филиалының директоры К.Б.Раисова, қалалық білім беру бөлімінің ҚӘК әдіскерлері,  қаланың жетекші мектептерінің  директорлары қатысты.   

Кулфарида Бабагумаровна Жетекші мектептердің жұмыс жағдайымен таныстырды. Вебинар барысында білім беру бөлімінің ҚӘК жетекшісі А.З.Нурпеисова,  жетекші мектеп директорлары: № 27 - Г.К.Дюзбенбекова, № 49 - А.Ч.Кадирова  өздерінің іс - тәжірибелерімен бөлісіп,  ПШО-мен одан әрі өзара әрекеттесу жұмыс істеу жолдарын ұсынды.

Вебинар қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар қабылданды.