Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Эмоционалды интеллект - мұғалім мен оқушының жетістік факторы ретінде» атты  қалалық семинар 

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік қызметінің басшылығымен қала мектептерінің педагог-психологтары үшін «Эмоционалды интеллект мұғалім мен оқушының жетістік  факторы ретінде»  тақырыбында семинар өткізілді, оның мақсаты  эмоционалды зияткерлікті дамыту,  эмоцияларды сезіну болып табылады. Эмоционалды  интеллект  21  ғасырда оқу үшін қажет 4K тұжырымдамасының төрт негізгі дағдыларының бірі. Семинар барысында  «№ 11 мектеп-лицейі» КММ  педагог-психологтары О.В. Алексеенко мен Г.Ж.Чалдыбаева педагогтар мен оқушылардың эмоциялық зиятын дамыту бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімі эмоционалды интеллект дағдыларының 4 тобын дамытуға бағытталды:  өз эмоцияларын сезіну,  өз эмоцияларын басқару, басқа адамдардың эмоцияларын сезіну, басқа адамдардың эмоцияларын басқару.

Семинар қатысушыларға өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсінуге, эмоцияларды басқаруға, оларды оң, сындарлы түрде өзгертуге, жеке және кәсіби бағытта одан әрі өзін-өзі дамыту үшін жаңа ресурстарды пайдалануға, үйренуге мүмкіндік берді.