Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ЖҒБ пәндер мұғалімдеріне арналған каникулдық мектебі

2021 жылдың 31 наурызында Каникулдық мектебі аясында "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау үшін жағдай жасау" атты қалалық семинары өтті. Семинарға қала мектептерінің химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты оқушыларды жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінен ҰБТ-ға дайындау бойынша тәжірибе алмасу болды. Семинардың мақсаты мен бағдарламасымен білім беру бөлімінің әдіскері Н. Капчикова таныстырды. Ол 2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы айтты. Сондай-ақ, 4 тоқсанда оқу процесін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. Семинар барысында биология пәні мұғалімдері Ж.Боранбаева (№20 ОМ), Б. Ахметбаева (№48 ОМ), география пәні мұғалімі Е. Пименова (№4 ОМ) өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде қандай тиімді әдістер мен жұмыс түрлері қолданылатыны туралы айтып берді.