Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Бейтаныс адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек» атты тақырыптық  сабақ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-ші сәуір күні ҚР ІІМ және «Евразия» Бірінші каналымен бірлескен жоба аясында

«Бейтаныс адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек» атты тақырыптық  сабақ өткізілді.

Аталған шараға ШҚО ПД аға инспектор  полиция подполковнигі Бельгибаева А. Б., Өскемен қаласы бойынша полиция аға лейтенанты Нургалиева Т.М, Ертіс ПБ полиция майоры Бакытбеков Д.Б және арнайы жедел әрекет ету отрядының  өкілдері қатысты.

Сабақта оқушылар бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережесін естеріне түсіріп, сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді. 

Айгуль Болатовна балаларға «кодтық сөз» туралы түсінік беріп, оны қалай пайдалану керк екендігін атап  өтті.

Шараның қорытынды кезеңінде арнайы жедел әрекет ету отрядының  өкілдері көрсетілімдік қойылым  арқылы бейтаныс адамдардан  өзін-өзі қорғай алатын  іс-әрекеттерді   тәжірибеде жүзінде  көрсетіп, сақтық шаралары туралы кеңес берді.

Өскемен қаласы бойынша полиция қызметкерлеріне аталған іс-шараға ат салысып, өткізгендері үшін алғыс білдіреміз.