Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Спорт - дені сау ұлтқа апаратын жол" атауымен эстафета өткізілді

Оқушылар шығармашылық сарайында 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған "Спорт - дені сау ұлтқа апаратын жол" атауымен эстафета өткізілді. Бағдарлама  өте мазмұнды болды. Спорттық мейрам жаттығудан басталып, кейін командаларға жүгіру арқылы қызықты байқаулар, доп және шеңбермен (обруч) эстафеталар ұсынылды, бұл жерде балалар өздерінің спорттық қабілеттері мен дағдыларын көрсете білді. Барлығы мәреге бірінші келу үшін бар күштерін салды.  Балалар тапсырмаларды албырт, көңілді және шапшаң орындады.