Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тәуелсіз Қазақстан - менің мақтанышым!

1992 жылғы 4 маусымда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қабылдау туралы Заңға қол қойды. Бұл күн біздің елімізде Тәуелсіздіктің нышанына айналған ҚР Мемлекеттік рәміздерінің күні ретінде атап өтіледі. Осы мемлекеттік мереке аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің" №29 қосымша білім беру мектеп-орталығы " КММ-де келесі іс-шаралар өткізілді:

- "ҚР Мемлекеттік рәміздері күні" салтанатты жиыны.

- "ҚР Мемлекеттік рәміздері - бұл егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің атрибуттары"кітаптар көрмесі.

- ҚР Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған Викторина.

- ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Бір халық, бір ел, бір тағдыр"суреттер көрмесі.

- ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау.

Іс-шара барысында Отан, Тәуелсіз Қазақстан, Мемлекет рәміздері, Қазақстан халқының батырлары тақырыптары қозғалды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы уақытында еліміз бір қадам алға басып, бір шыңды бағындырды деген қорытынды жасалды.