Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаз-2021»

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Ахмер орта мектебі»  КММ  «Жаз-2021» жобасын іске асыру мақсатында 14-15.06.2021 күндері бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарына арнап катермен саяхат ұйымдастырды. Балалар керемет табиғатқа сүйсініп, толқындар үнін тыңдап, су бетіндегі шағалалар мен үйректердің әдемілігіне ден қоя қарады. Демалыс балалар мен ата-аналарға ұмытылмастай әсер қалдырып, сергектік сыйлады. Жасасын жаз, жарқын жазғы демалыс!!!