Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Түлектерді қорытынды аттестаттауға тиімді дайындау тәжірибесі. Таңдау пәндері

№ 15 орта мектеп базасында «Түлектерді қорытынды аттестаттауға тиімді дайындау тәжірибесі. Таңдау пәндері»  тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің химия, биология, география пәндерінің 68 мұғалімдері қатысты. Семинар модераторы білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н.Т. құттықтау сөз сөйлеп, семинардың бағдарламасымен таныстырды. 9 және 11 сыныптардағы қорытынды аттестаттауға спецификациясы туралы  мектеп әдістемелік комиссиясының  басшысы Дикова Г.С. айтып берді. Практикалық бөлімде №15 орта мектептің ғылыми жаратылыстану циклі пәндерінің мұғалімдері Алибаева Г.М., Жуашова А.Д., Ахатова А.К., Яковлева Ю.И. өз пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар топтарда 9 және 11 сыныптарды қорытынды аттестаттауға  арналған үлгілік тапсырмалармен жұмыс жасады. Мектептің педагог-психологы Ақылбекова С.С. іс-шараның басында психологиялық көңіл-күй және семинар соңында рефлексия жүргізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.