Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Қысқы жүлде" атты жас әуемоделшілердің қалалық жарысы өтті

2023 жылдың 22 қаңтарында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-мен ұйымдастырылған "Қысқы жүлде" атты жас әуемоделшілердің қалалық жарысы өтті.
Жарысқа әуемолдеу үйірмесінің 28 спортшысы қатысты: Өскемен қаласы Жас техниктер станциясының «Авиа-1» және «Авиа-2» үйірмелері және Зайсан қаласының командасы.
Спортшылар төрт сыныпта жарысты:
1. Схемалық планер - 24 адам
2. «Дротик» - 23 адам
3. «Катапульта» - 17 адам
4. Ашық сынып - 30 адам
Барлық турлардың нәтижесі бойынша жеңімпаз болғандар:
Схемалық планер:
Болатулы Арнур - 1 орын (Зайсан),
«Дротик»:
Галаев Сулейман - 1 орын (Авиа-1),
«Катапульта»:
Домахин Амиль - 1 орын (Авиа-1),
Ашық сынып:
Трещёв Александр -1 орын (Авиа-1),
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медалдер мен естелік жүлделері табысталды.
Жарысқа көрермендер қатысты: үйірмешілердің ата-аналары және туыстары, олар спортшылардың өнер көрсетулерін қолдап отырды.