Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Инклюзия – қоғам арқылы әлеуметтендіру» тақырыбында шығармашылық зертханасы

18 қаңтар күні №19 мектеп-қосымша білім беру орталығының базасында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Инклюзия – қоғам арқылы әлеуметтендіру» тақырыбында шығармашылық зертханасын ұйымдастырып, өткізді.  Шығармашылық зертханасының жұмысына 7 спикер қатысты, олардың қатарында Өскемен қаласындағы қосымша білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары мен №19 МҚББО КММ музыка оқытушылары болды.  Шығармашылық зертхананы жүргізушілер ШҚО ББ білім бөлімінің әдіскері Тюлюкова Жанна Николаевна мен №19 МҚББО КММ директордың бейін жөніндегі орынбасары  Кравченко Валентина Валерьевна іскерлік жағдаятта қарым-қатынас жасаудың жайлы атмосферасын қалыптастыра білді. Аталмыш іс-шара тәжірибелік маңыздылығымен қатар, әрбір қатысушы қызметі бағыттылығының маңыздылығын көрсетті, ал «Таратуға лайық идеялар» сарынында TEDx өткізудің жаңа форматы ашық сұхбат арқылы көпшілікті алаңдатып жүрген сұрақтарды талқылауға мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар  шығармашылық зертхананың жұмысы жоғары деңгейде өтті, баяндамалардың көптеген аспектілері ойға түрткі салып, берілген ұсынымдар қолданысын табады және қосымша білім беру жұмысының тәжірибесіне енгізілетін болады деген ортақ пікірге келді.