Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ерекше білім беруді қажет ететін балалары үшін шеберлік дәріс

2023 жылдың 12 қаңтарында «ARTtrip» шығармашылық марафон аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК негізінде «Материалдарды өңдеу технологиясы» бөлімінің педагогы «Үлбі» орталығының ерекше білім беруді қажет ететін балалары үшін шеберлік дәрісін өткізген болатын.
Аталмыш іс-шараның максаты, балаларды шығармашылыққа тарту, білім алушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттілігін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. «Сизальдан жасалған гүл» атты бұйым, орау техникасында жасалған. Жұмыс барысында оқушылар осы бұйымды жасау технологиясын білді, өз қолымен гүлдерді жасап шығаруды үйренді. Барлық балалар жұмыстарды қызығушылықпен және энтузиазммен жасап, өз жұмыстарының нәтижесіне риза болып қалды.