Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ жоспарына сәйкес «І. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ 2023 жылдың 20 қаңтарда  республикалық  жасөспірімдер олимпиаданың қалалық кезеңі 7-8 сынып оқушылары арасында өтті.

Қалалық кезеңге, мектепішілік олимпиада жеңімпаздары 485 оқушы қатысты. Олимпиада төмендегі пәндер бойынша өтілді.

·        қазақ тілі және әдебиет;

·        орыс тілді мектептердегі қазақ тілі;

·        қазақ тілді мектептердегі орыс тілі;

·        орыс тілі және әдебиет;

·        Қазақстан тарихы;

·        ағылшын тілі;

·        математика;

·        физика;

·        химия;

·        биология;

·        география;

·        информатика;

Олимпиаданың әділқазы мүшелеріне облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары, жоғары санатты мектеп мұғалімдері енді.  Қалалық  кезеңнің қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен – 37, II дәрежелі – 92, III дәрежелі – 127 оқушы марапатталды.

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, ата-аналарын жүлделі орындармен құттықтаймыз. Табыс және жаңа жеңістер тілейміз!