Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының даму факторы ретінде" қалалық семинар-практикумы

25 қаңтар 2023 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК – да "Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының даму факторы ретінде" атты қалалық семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумның мақсаты - педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау үшін тұлғаға бағытталған білім беру ортасын құру.
Педагогтар баланың тұлғалық дамуы, мектеп жасына дейінгі балалардың өмірлік дағдыларын дамыту үшін ойын әрекетінің мүмкіндіктерін анықтады.
Жалпы үлгідегі мектепке дейінгі ұйым шеңберінде инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін тәсілдерді қарастырды.Педагогтардың жұмысты тиімді ұйымдастыруға және кәсіби қоғамдастықта табысты тәжірибелермен алмасуға деген ұмтылыстарын дамыту үшін шығармашылық атмосфера құрылды.