Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Совет лидеров

Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББҰЖ РБҚЗ Комитетінің отырысы өтті

2018 жылдың 30 қаңтарында Оқушылар шығармашылық сарайының көрермендер залында Өскемен қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің отырысы мектеп комиттерінің ұланбасыларының, тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылардың қатысуымен өтті.
Отырыс жұмысына «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласы филиалының төрайымы, қалалық мәслихат депутаты М.Ш.Екібасова, қала әкімдігінің «Жастар ресурсы орталығы» МҚМ директоры, қалалық мәслихат деппутаты Р.Р.Ахметжанов, ҚР мәдениет қайраткері, комсомолдық жастар қозғалысының ардагері Р.А.Алханова қатысты.
Отырыста келесі баяндамалар тыңдалды: 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитеті жүргізген жұмысы туралы есеп, екінші жартыжылдықта жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат берілді.
Бұдан басқа, шақырылған отырыс қонақтары мен оқушылар арасында елбасының «Төртінші өндірістік революциясы жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауын талқылау аясында белсенді диалог орын алды.
Оқушыларды қамту 95 оқушыны құрады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 06-02-2018