|
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің жандамасы
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтер бойынша архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметтің нысаны-электронды және (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "ҚР Электрондық үкіметі" веб-порталына жүгінеді (egov.kz), сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Абай облысы филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының №1,2 бөлімшелеріне жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
Веб-портал egov.kz арқылы сұрау салу үшін ЭЦҚ және құжаттардың сканерленген көшірмелері қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесі.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін қадамдық іс-қимылдар:
1) құжаттар топтамасын қабылдау және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына беру;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті өңдеуі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы (Архивтік анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қоюы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесін беру.
Веб-портал egov.kz арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының іс-қимыл тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ арқылы және eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен QR–кодты сканерлеу арқылы тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық сұраныс өрістерін толтыру және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұранысты бекіту;
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұранысты куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұранысты өңдеуі (тексеруі, тіркеуі);
5) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұраныс салған мәртебесі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі туралы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тарихында хабарлама алуы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тарихында алуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері.
Мемлекеттік қызмет 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ бес жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік 25 (жиырма бес ) күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Порталда - "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес архивтік анықтаманың нәтижесі туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ Абай облысы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының бөлімшелерінің мекенжайлары:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ Абай облысы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының № 1 бөлімшесі |
8 7222 33 90 93
8 7222 33 99 55
8 7222 33 84 00
8 72 22 33 99 72 |
Семей қаласы
408 квартал,21 |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ Абай облысы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының № 2 бөлімшесі |
8 7222 52 69 83
8 7222 52 69 29
8 7222 52 42 36 |
г. Семей,
Б. Момышулы көшесі, 22 |
|