|
«Кітапхана өлкетану орталығы» семинары
2014 жылғы 7 қарашада қаламыздың орталық кітапханасында «Кітапхана - өлкетану орталығы» атты семинар болып өтті. Семинарға қаламыздағы кітапханалардың кітапханашылары, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Л.Қ.Қадырова, сондай-ақ Достық үйіндегі татар қоғамының мүшелері қатысты.
Өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Ләззат Әлжанова Өлкетану мұражайының қазіргі кездегі тыныс-тіршілігі жайлы айтып өтті. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Лаура Қадырова «Мұрағат құжаттары өлкенің тарихын айғақтайтын асыл қазына» атты баяндама жасады. Баяндамада мұрағаттың құрылу тарихы, мұрағат құжаттарының негізінде жарыққа шыққан құжаттар жинақтары, кітапшалар жайлы толығырақ аталып өтілді. Мұрағатта сақталған құжаттардан бірнеше нақты деректер мысалға келтірілді.
Аталмыш семинардың мақсаты болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша тарихи өлкетану жұмыстарын жандандыру болып табылады
|