"АОМА" КММ оқу залының 2025 жылғы жұмысы туралы
2025 жылы Абай облысы мемлекеттік архивінің оқу залы белсенді жұмыс жасады. АОМА құжаттары докторанттар, оқу орындарының оқытушылары, студенттер арасында үлкен сұранысқа ие.
Оқу залына келушілер келесі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізді: «История создания и деятельность музея Ф.М.Достоевского в г.Семей», «Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Семей және денсаулық сақтау», «Создание Семипалатинского ядерного полигона и последствия его деятельности», «ХХ ғ. басында ашылған, Семей губерниясына қарасты Қарқаралы педтехникумы туралы», «Малый Октябрь в Казахстане (1925-1939 г.г.) и изучении периодической печати за обозначенный период». «Тәуелсіздік Қазақстанның шағын және моноқаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңірі мысалында)», «Динамика языковых процессов в постсоветском Казахстане на примере ВКО 1990-2020 г.г.», «История музейного дела Республики Казахстан 1920-2000 г.г.», «Абай облысы бойынша тарихи мәдени муралар жайлы құжаттар жиңактау», «Батыс елдерінің тарихы», «Ядросыз әлем үшін: Невада-Семей андиядролық қозғалысының тарихи жаhандық бейбітшілік қозғамыстары аясында», «Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы қазаки ауылдарда коныстанған немістердің тарихи жазбасы және бүгінгі жай- күйі».
Зейнеткерлік жастағы адамдар тарихи құжаттарға үлкен қызығушылық танытады. Кейбіреулер өздерінің ата-тегін зерттейді, ал басқалары өлкетану кітаптарын шығару үшін ақпарат жинайды. Оларды туған өлкенің тарихына байланысты құжаттар қызықтырады.
ХХ ғасырдың басындағы газеттер, сондай-ақ АОМА –да сақталған заманауи мерзімді баспа материалдары ерекше сұранысқа ие.
Оқу залының қызметкерлері архивтік құжаттарды пайдалану кезінде зерттеушілерге әдістемелік көмек көрсетеді, қызығушылық тудыратын ақпаратты іздеу бойынша ұсыныстар береді.
"АОМА" КММ директоры Б.Т. Мусин және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш. Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институт " бөлімінің басшысы К.В. Черепановпен ғылыми айналымға архивтік құжаттарды енгізу бойынша жұмыс шеңберінде архившілер мен тарихшы-ғалымдардың байланыстарын кеңейтуге ықпал ететін "Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға" қол қойылды.
2025 жылы мемлекеттік архивтің оқу залында барлығы 134 зерттеуші (614 оқу залына келу) болды.
Оқу залына алғаш рет келген пайдаланушылардың 134 жеке ісі орын алды. 6 зерттеуші оқу залында жұмысын жалғастырды. Бір реттік келушілер саны 12 адамды құрады
Оқу залына берілді: 100 тізімдеме, 3045 архивтік іс.
