Аягөз филиалында зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Аягөз филиалында ХХ ғасырдағы Абай облысының тарихына арналған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің жас зерттеушісі өткен ғасырдың түрлі кезеңдерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуын көрсететін архивтік құжаттарды зерттеуде.

Жергілікті билік органдарының қызметіне, ауыл шаруашылығын дамытуға, білім беру мен мәдениет жүйесіне байланысты материалдарға ерекше назар аударылады.

Жұмыс шеңберінде зерттеуші сондай-ақ бай шаруалармен («Кулак») байланысты құжаттарды зерделейді. Бұл материалдар ауыл тұрғындарының қалай өмір сүргенін және ХХ ғасырдың басында қандай өзгерістер болғанын түсінуге көмектеседі.

Жүргізіліп жатқан жұмыс тарихи жадыны сақтауға және жергілікті тарихты зерделеуге бағытталған. Зерделенген материалдар ғылыми және өлкетану зерттеулерінде, білім беру жобаларында пайдаланылуы мүмкін.

Аягөз филиалы зерттеушілерге өлке тарихын зерттеуге белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда, және Абай облысының тарихына қызығушылық танытқандардың барлығы үшін есігіміз ардайым ашық екендігін хабарлайды.