Тау тұлға  Қайым Мұхамедановтың туғанына 110 жыл

19 қаңтар 2026 жылы  "Абай облысы мемлекеттік архив" КММ-де "Alikhan Bokeikhan university" ББ төртінші курс студенттеріне дәріс өткізілді.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің архившісі А. К. Дюсембаева 1940 жылдан бастап КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, қазақстандық ғалым, ғылыми абайтанудың негізін, Семей қаласындағы Абай әдеби-мемориалдық музейі негізін қалаушы (1940 ж.), Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұранының мәтінінің авторы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласының Құрметті азаматы Қ. М. Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған "Тау тұлға Қайым Мұхамедановтың 110 жылдығы" атты дәріс оқыды.

image-1338-2190.jpg

Дәрісте студенттер Қ. М. Мұхамедхановтың өмірбаянымен танысты, АОМА-да сақталған жеке қордың құжаттары негізінде архив жазушының 100 жылдығына орай шығарған "Тау тұлғасы" брошюрасының мазмұны туралы мәлімет алды. 

image-1338-2191.jpg

Студенттерге архивтегі қор негізінде даярланған әйгілі жерлесіміздің 110 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме көрсетілді.

Архив қоймасына шолу экскурсиясын Сулейменова М.С. өткізді. Онда  студенттердің назарына аса құнды құжаттарды көрсетіліп және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтылды.

Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алған әсерлерімен бөлісіп, естелік ретінде суретке түсті. 

image-1338-2189.peg