Иркатанова Маскен Апсеитовна

Иркатанова Маскен Апсеитовна (1934-1988 жж.), биология ғылымдарының кандидаты, 1954 жылы Семей қаласындағы №11 қазақ мектебін алтын медальмен. содан кейін Мәскеу ветеринарлық академиясын бітірді. Ақтөбе Совнархозында, Семей облысының «Жаңасемей» астық кеңшарында зоотехник болып жұмыс жасады. Екінші жоғары білім алып, Семей зооветеринарлық институтының зоология кафедрасының ассистенті болып қабылданды.

Маскен Апсеитовнаның барлық еңбек жолы Семей зооветеринарлық институтымен байланысты болды. 1960 жылдан 1988 жылға дейін ол ғылыми қызметкер, ассистент, доцент, институт кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1972 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіндегі ізденуші ретінде «Морфологические показатели кровеносных сосудов, питающих скелетную мускулатуру у курдючных овец с осветленной шерстью» диссертациясын қорғады.