Аягөз филиалының архившісі Д.Д.Алимжанов жиналыс ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына сәйкессақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесі істер номенклатурасын жүргізу барысын талқылау мақсатында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалының архившісі Д.Д.Алимжанов 2026 жылғы 30 қаңтарда Аягөз аудандық әкімшілігінің үлкен залында аудан әкімі, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырды. /0122/. Жиналыс барысында істер номенклатурасын талапқа сай қалыптастыру, оны уақтылы бекіту және жүргізу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар құжаттарды дұрыс тіркеу, құжаттардың сақтау мерзімдерін сақтау, істер номенклатурасын жаңарту және бекітілген үлгіге сәйкес рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиын қорытындысы бойынша мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне істер номенклатурасын белгіленген талаптарға сәйкес орындау, анықталған кемшіліктерді жою және құжат айналымын жүйелеу бойынша  нақты тапсырма берілді.