«Қоғам сұранысы және гуманитарлық білім: бағдарламаларды жетілдіру жолдары» атты  дөңгелек үстел

5 ақпан 2026 жылы «Alikhan Bokeikhan Uni-versity» ББМ-де «Қоғам сұранысы және гуманитарлық білім: бағдарламаларды жетілдіру жолдары» атты  дөңгелек үстел отырысы өтті.

image-1344-2199.peg

Іс-шараға тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және география кафедрасының меңгерушісі К. Б. Болатова, "Семей қаласының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалының география пәні мұғалімі Е. М. Асылбек, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ география пәні мұғалімі  А. Б. Әсімғазы, "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы  Бижанова А. Б. қатысты.

image-1344-2200.peg

Отырыстың мақсаты: қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктерін ескере отырып, гуманитарлық білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдарын талқылау, олардың мазмұнын жаңғырту және еңбек нарығы мен әлеуметтік саладағы өзгерістерге бейімделу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстел өзекті мәселелерді ашық талқылау алаңын қамтамасыз етті және орын алған жағдайды жақсарту бойынша нақты шараларды ұсынды.

Отырыс соңында қатысушыларға болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

image-1344-2201.peg