«Архив-сенім мен заңдылық мекемесі» тақырыбында семинар
2026 жылғы 16 ақпанда Аягөз филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Архив –сеніммен заңдылық мекемесі» тақырыбында ішкі оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты: филиалда сыбайлас жемқорлық көріністері жоқ екенін растау, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, архив сенім және ашықтық аймағы екенін көрсету.
Семинардың негізгі мақсаты –архивтегі көрсетілетін барлық қызмет түрлері белгіленген заңды тәртіпте бойынша атқарылады. Іс-шара барысында филиал қызметкерлері филиалдың архившісі Сатымбекова Жадыра Базаровнаның арнайы дайындаған: Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Сыбайлас жемқорлық туралы қайда хабарлауға болады? Сыбайлас жемқорлық үшін қандай жаза қарастырылған? сынды сұрақтар және қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін талқыланды.
Осындай семинарлар филиалда жыл сайын өткізіледі. Кезекті семинар қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жоқтығы расталды.