Семинар тақырыбы: "Е-Архив" жүйесіндегі істер номенклатурасы, істерді қалыптастыру және енгізу тәртібі"

19.02.2026 жылы "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ мамандары Семей қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері үшін "Е-Архив" жүйесіндегі істер номенклатурасы, істерді қалыптастыру және енгізу тәртібі" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

image-1347-2207.jpg

Семинарды мемлекеттік архив директоры Б. Т. Мусин ашты.

Өзінің кіріспе сөзінде ол қатысушыларды құттықтап, құжаттарды цифрландырудың және ақпараттық жүйелерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, ол іс-шараның өткізуші мамандарды: бас сақтаушы М. Т. Исенова, толымдау  және  ведомостволық архивтер мн  құжаттаманы  тексеру бөлімінің басшысы Б. Е. Майкенова, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А. К. Мұқатованы таныстырды. 

image-1347-2209.jpg

image-1347-2210.jpg

image-1347-2211.jpg

Семинар барысында қатысушыларға тиісті нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелерді қамтитын слайдтар ұсынылды. Сондай-ақ, "Е-Архив"ақпараттық жүйесіне істерді енгізу бойынша қадамдық бейне нұсқаулық көрсетілді. Абай облысының Семей қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері осы жүйемен жұмыс істеу және істер номенклатурасына құжаттарды енгізу үшін қажетті практикалық білім мен дағдыларға ие болды. Бұл дағдылар құжат айналымы процесін оңтайландыруға және әкімдік бөлімдері қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріліп, толық және негізделген жауаптар алды.

image-1347-2208.jpg

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға ынтымақтастық қарым-қатынас, қызықты баяндамалары мен пайдалы ақпараттары үшін алғыстарын білдірді.