Семей қаласының № 1 бөлімінің инспекторларына семинар
2026 жылғы 20 ақпанда "АОМА" КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архивші З.О. Есергепова. "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Абай облысы филиалының ХҚКО бойынша Семей қаласының № 1 бөлімінің инспекторларына семинар өткізді.
Семинар барысында «АОМА» КММ-нің әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архившісі ХҚКО мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мамандарын «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 561-НҚ бұйрығымен кейбір өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды.
«АОМА» КММ осы бағыттағы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі" ММ хаты негізінде уақытша электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге өтінімдерді қабылдау және өңдеуді тоқтатылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта www.egov.kz веб-портал жүйесі жұмыс істемейді.
Мемлекеттік архивтан архивтік анықтама алу бойынша Сізге мемлекеттік қызметке тапсырыс беру керек, сол үшін:
- архивтан қандай ақпаратты, кімді және қай уақыт аралығында алу керектігін егжей-тегжейлі және нақты сипаттап жазыңыз;
- бар болса, сұраныс нысанасына қатысты құжаттардың көшірмелерін (еңбек кітапшасы, диплом және т.б.) ұсыныңыз.