"№12 орта жалпы білім беретін мектеп " КММ мұғалімдерімен кездесу

24 ақпан 2026 жылы "№12 орта жалпы білім беретін мектеп" КММ-де мектеп мұғалімдері үшін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ  архив қызметкерлері және Орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты-зерттеу жұмыстары үшін деректерді жинау бойынша архив құжаттармен және баспа көздерімен жұмыс жасауға бағыт беру.

image-1349-2216.peg

ҒАА және құжаттарын пайдалану бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. К. Дюсембаева тыңдаушыларды Қазақстандағы ең көне архив  тарихымен таныстырды, архивтің құрылымы, мемлекеттік архив оқу залында жұмыс істеу үшін зерттеушілердің құжаттарын ресімдеу тәртібі туралы айтып берді, архив  қорлары бойынша нұсқаулық пен қысқаша анықтамалықты көрсетті.

image-1349-2215.peg

Тыңдаушылардың назарына архивтің  оқу залының жұмысы туралы презентация ұсынылды – фотоқұжаттық көрмелер дайындау, колледждер мен ЖОО студенттеріне дәрістер өткізу, архив қоймасының түрлері көрсетілді, қағаз құжаттарды цифрлық форматқа көшіру бойынша ақпараттық технологиялар бөлімінің техникасы мен жұмыс сәттері көрсетілді.

image-1349-2214.peg

Соңында мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызықты дәрісі үшін алғыстарын білдірді