Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған онлайн түрде өткен  дөңгелек үстел 

4 наурыз 2026 жылы онлайн түрде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві оқырман залында қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейхан және Қызылжардағы Алаш қайраткерлері» атты дөңгелек үстел өтті.7717/

Дөңгелек үстелге М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті профессоры, Қазақстан Жоғарғы мектеп академиясының академигі Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы, Абай облысы мемлекеттік архиві ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысының м.а. Дюсембаева Алма Канафияновна, Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп пен С. Сәдуақасов атындағы №2 орта мектеп оқушылары, Солтүстік Қазақстан облыстық архив қызметкерлері мен аудандық филиал директорлары, сондай-ақ баспасөз ақпарт қызметі өкілдері қатысты./7718/

А.К. Дюсембаева «Әлихан Бөкейхан және Қызылжардағы Алаш қайраткерлері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында дөңгелек үстел қатысушыларына АОМА қорларында сақталған 1918-1919 жылдар аралығындағы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ 1918 жылғы «Сибирская речь» и  «Свободная речь» газеттері көрсетілді, онда Алаш атты жасағының Семей қаласына келуі туралы ескертпе және большевиктерге қарсы әскери іс-қимылдар туралы мәліметтермен таныстырылды./7716

Дөңгелек үстел өскелең ұрпақтың туған өлке тарихын зерделеуі мен жастарға патриоттық тәрбие беруі үшін маңызды танымдық іс-шара болды.