Молдағалиев Жанғазы Акимұлы
Молдағалиев Жанғазы Акимұлы (1917-1943 гг.) Семей облысы Абай ауданының Бестамақ қаласында дүниеге келген. Кеңес армиясы қатарында 1938 жылдан бастап қызмет етті. Ұлы Отан соғысы майдан шебінде 41-ші жылдан бастап шайқасқан. Әскери жаяу әскер училищесін тәмамдаған. 120-сыншы гвардия атқыштар полкінің рота командирі (3-ші Украин майданы, 8-ші гвардиялық армия, 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы) болған. Лейтенант Молдағалиев 1943-ші жылдың 24-ші қазанына қараған түнде Днепропетровск қаласының аумағындағы Днепр өзеніндегі жау шебін алғашқылардың бірі болып шабуылдады. Оң жағалауға жетісімен, жауынгерлерді шабуылға көтеріп, жауды қорғаныс шебінен кейін шегіндіру арқылы платцдармның қолға өтуін қамтамасыз етті. 1943 жылы 1 қарашада Чернопаровка селосында (Днепропетровск облысы Солонянский ауданы) жау дзотының аузын өз денесімен жабу арқылы жауынгерлік тапсырманың орындалуына ықпал етіп, ерлікпен қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 19 наурыздағы жарлығымен, батыр қазасынан кейін Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Жанғазы Әкімұлы Қызыл Жұлдыз және Ленин ордендерімен марапатталған. Батырға туған жерінде ескерткіш қойылған, батыр жерленген Елизаровка поселкісіндегі мектеп пен Семей қаласында көше оның есімімен аталған.
