Александр Николаевич Рыков

Александр Николаевич Рыков, Семей қаласының өртке қарсы қызметінің ардагері, 1958 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткеннен кейін, әскерилендірілген өрттен қорғау қызметінің орта буын басшы құрамын даярлау бойынша 11 айлық курсты бітіріп, Семей облыстық өрттен қорғау қызмет бөліміне өртті қадағалау инженері болып қабылданды.

1983 жылы Александр Николаевич «Өртке қарсы техника және қауіпсіздік» мамандығы бойынша Алматы өрт-техникалық училищесін үздік бітіріп, «Өрт технигі» біліктілігін алды, ал 1989 жылы-КСРО ІІМ Жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің Ташкент факультетін тәмамдады.

А.Н. Рыков мемлекеттік өртті қадағалау тобының инспекторы, өртке қарсы қызметтің аға инспекторы, Семей қаласының №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Семей облысы ІІБ-нің сараптамалық-криминалистикалық бөлімінің сот сарапшысы, Семей облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің сараптамалық-криминалистикалық басқармасының криминалистикалық есепке алу мен сараптама бөлімінің бастығы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының анықтау бөлімінің бастығы, Семей қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

А.Н.Рыков өртке қарсы қауіпсіздік органдарында 24 жылдан астам қызмет атқарды, ол отставкадағы ішкі қызметтің полковнигі болып табылады. Ол 1998 жылы Қазақстан Республикасының үздік криминалисті болып танылды.  Александр Николаевич «ҚР ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің үздік қызметкері» белгісімен, үш дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметіне 10 жыл» мерейтойлық белгісімен, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің «Өртке қарсы қызмет үздігі» төсбелгісімен марапатталған.