Виталий Алексеевич Кондратьев

Виталий Алексеевич Кондратьев (1928-2000 жж.), Бүкілодақтық филателистер қоғамының Семей бөлімшесі басқармасының хатшысы. 1942 жылы Семей қаласының №6 орта мектебін, Семей ауылшаруашылық техникумын бітірген, ал 1949 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын тәмамдаған.

Ол Семей ауылшаруашылығын механикаландыру техникумында, №25 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінде және Қазақ КСР ОСБ есеп жүргізу қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Семей ауылшаруашылық кәсіби-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді.

Виталий Алексеевичтің өміріндегі ең үлкен әуестігі коллекция жинау болды. 1958 жылдан бастап ол филателияға қызығушылық танытып, бондар мен лотерея билеттерін жинаған және алғашқы филателия әуесқойларының бірі болды. Бүкілодақтық филателистер қоғамының облыстық бөлімшесі құрылғаннан бастап, ол өз басқармасының тұрақты хатшысы болды, барлық облыстық, қалалық және бірқатар республикалық БФҚ конференцияларының делегаты болып, филателия бойынша аймақтық кеңестерге қатысты.

Белсенді жұмысы және филателияны насихаттауды жетілдіруге қосқан зор үлесі үшін 1974 жылы Виталий Алексеевич «БФҚ белсендісі» белгісімен, ал 1986 жылы Семей облыстық байланыс басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.