Николай Тимофеевич Жученконың әйелі Рига қаласын азат ету кезінде қайтыс болған күйеуінің қабірінде. 1975 ж.
Николай Тимофеевич Жученко 1915 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол майданға 1941 жылдың қазан айында шақырылды. 10-шы Армияның 310-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 98-ші Қызыл Ту атқыштар полкінде соғысқан. Полк инженері. Ол екі рет жараланды, бірақ емделгеннен кейін бірден майданға оралатын. Ол екі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Н.Т. Жученко Рига қаласына жақындап келе жатқан шабуылдаушы бөлімдердің инженерлік қамтамасыз етуіне басшылық жасап жүріп, 1944 жылы 12 қазанда Кланди ауылының маңында қаза тапты.
Ол Латвияда Екабпилск ауданындағы Огре қаласында орналасқан №1 әскери зиратта жерленген.
