14 сәуір 2026 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де (АОМА) Абай облысының білім басқармасының "Электротехникалық колледжі" КМҚК білім алушыларына дәріс өткізілді.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің археографы А. Е. Шалыгин архив қабырғасында ТОРЭ - 311 тобының 1 курс студенттерін қарсы алып, Семей губерниялық архивінің бірінші меңгерушісі Н.Я. Коншин туралы мәлімет берді, Қазақстандағы ең көне архив тарихы туралы презентация көрсетті.

Студенттерге 1873 жылғы метрикалық кітаптар, 1940 жылғы Шұбартау ауданының колхоздарының жерді мәңгілікке пайдалану туралы Мемлекеттік актісі, В. Н.Кашляк жинағынан ХХ ғасырдың басындағы фотосуреттер және 1905 және 1918 жылдары АОМА қорларында сақталған газеттер ұсынылды.

Қонақтардың назарына Алаш партиясының көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейхановтың құжаттары мен фотосуреттері ұсынылған "Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл" атты фотоқұжаттық көрмесі ұсынылды.
Архив қоймасына шолу экскурсиясын мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архивисті М.Б. Карандашова өткізді, ол Абай облысының мемлекеттік архивінде сақталатын қорлар және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету шарттары туралы айтып берді, Колчак Уақытша үкіметінің 1918 жылғы құжаттарын көрсетті.

Архивтегі дәріс студенттерге жаңаша әсер қалдырды, сонымен қатар олар дәріс барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптарын алды.
Студент М. Саурықов студенттер тобының атынан архив қызметкерлеріне туған өлкенің тарихы туралы қызықты ақпарат үшін алғысын білдіріп, "көне" құжаттарды көруден және қоғам үшін пайдалы архившілердің еңбектерінен алған зор әсерлерін атап өтті.
