Тарихтың хатшылары: Аягөз филиалының  мамандары біліктіліктерін дәлелдеді.

Архив ісі – бұл жай ғана құжаттармен жұмыс істеу емес, бұл өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. 2026 жылдың 24 сәуірінде Семей қаласы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-сі кезекті біліктілікті арттыру аттестациясын өткізді.

image-1370-2263.peg

Аталмыш аттестацияға Аягөз филиалының архившілері Тоқтарова Г.Д., Айболова А.А.қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, аттестациядан сәтті өтті.

image-1370-2265.peg

Қазіргі таңда архив саласына қойылатын талап жоғары. Заман ағымына сай архившілер тек қағазбен ғана емес, жоғары технологиялармен де жұмыс істей білуі тиіс. Аттестация барысында мамандардың келесі бағыттар бойынша білімі сарапталды: Қазақстан Республикасының архив ісі және іс қағаздарын жүргізу саласындағы заңнамаларын меңгеру; Тарихи маңызы бар жәдігерлер мен құжаттарды сақтаудың ерекше тәртібі мен климаттық талаптарын сақтау; Әлеуметтік-құқықтық сұраныстардың жүргізілу тәртібі.

Аттестациядан сәтті өту — архив қызметкерлерінің үздіксіз ізденісі мен өз ісіне деген адалдығының көрсеткіші. Бүгінгі таңда Аягөз филиалында өз саласының нағыз майталмандары еңбек етеді. Олардың әрқайсысы тарихтың шаң басқан парақтарын тірілтіп, мемлекеттік маңызы бар деректердің сауатты сақталуына жауапты.

Архив — еліміздің шежіресі, халықтың жады. Біздің мамандарымыздың біліктілігін арттыруы — бұл тарихи мұрамыздың сенімді қолда екенінің кепілі. Біз заман талабына сай қызмет көрсету сапасын жақсартуды басты мақсат тұтамыз.

image-1370-2264.peg

Мамандардың біліктілігінің артуы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді. Атап айтқанда әлеуметтік-құқықтық сұраныстардың (еңбек өтілін растау, анықтамалар алу) тез өңделуі,мәліметтердің қатесіз және толық нұсқада ұсынылуы, қызмет алушыларға кәсіби кеңес беру деңгейінің жоғарылауы.

Аягөз филиалы ұжымы әріптестерімізді кәсіби белестерімен құттықтайды! Ел тарихын түгендеп, құжаттарды көздің қарашығындай сақтаудағы еңбектеріңіз жемісті болсын!