Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дәріс
24 сәуір 2026 жылы Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де «Alikhan Bokeikhan university» ББМ төртінші курс студенттеріне дәріс сабақ өткізілді.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысы міндетін атқарушы А.К. Дюсембаева «Бірлігі жарасқан елміз!» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге елімізде 1996 жылдан бері атап өтілетін алдағы ұлттық мереке - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы мәліметтер берілді. Бұл мереке- Қазақстан сияқты көпұлтты елде бейбіт өмір сүру үшін өте маңызды достық, түсіністік және келісім мерекесі екені түсіндірілді.

Қонақтардың назарына сонымен қатар «1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» көрмесі ұсынылды, онда өткен жылдар естелігі ретінде сақталған 1-мамырда қаламызда өткен мәдени іс-шаралар мен демонстрациялардан фотосуреттер қойылды.
