Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат
Ұлы Жеңіс қарсаңында Аягөз филиалы Келешек «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектебінің 8-сынып оқушыларына арналған «Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор ашық сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихи жадыны сақтау және ардагерлерге деген құрметті арттыру.
Сабақты Аягөз филиал архивисті Сатимбекова Жадыра Базаровна өткізді.
Сабақ барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Аягөз архивінде сақталып тұрған жеке тектік құжаттарымен танысты. Архив қорында сақталған құнды деректер – майданнан жазылған хаттар, фотосуреттер, марапат құжаттары мен естеліктер ұсынылды.
Әсіресе, виртуалды көрме оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Интерактивті форматтағы сабақ жасөспірімдердің тарихи оқиғаларды тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.
Осындай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, өткенге тағзым жасауға тәрбиелейді. Ел үшін ерлік көрсеткен батырлардың есімі ұмытылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыруы тиіс.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан мектеп әкімшілігі мен ұстазға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Іс-шара соңына Аягөз филиалы архившісі Сатимбекова Жадыра Базаровна Мәңгілік алау басына барып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаһармандарды еске алды.