«Мәдениет және инновация» республикалық форум

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 21 мамыр Мәдениет және өнер кызметкерлері күніне орай 2026 жылдың 19-21 мамыр аралығында ұйымдастырған  «Мәдениет және инновация»  республикалық форум архив бағыты бойынша сессиясы ҚР Ұлттық архивінде өтті.  

Іс-шараға «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ  қызметкерлері Аубакирова Мадениет Жаирбаевна және Жарма филиалынан Тажиева Асель Сакеновна қатысты.

Сессия барысында  архив ісін цифрландыру, мәдени мұраны сақтау, аудиовизуалды құжаттардың  маңыздылығы және жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы талқыланды.

Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.