Сумцев Александр Артемьевич (1907-1942 жж.) 1941 жылы тамызда Ленин аудандық әскери комитеті жаңадан құрылған 30 атқыштар дивизиясының құрамына шақырылды. 35-ші гвардиялық танкке қарсы жауынгерлік дивизионның батарея командирінің орынбасары болып ұрысты. Мәскеуді қорғауға, Тула облысының Алексин қаласын, Тула, Псков, Калуга облыстарының елді мекендерін азат етуге қатысты. 1942 жылы 11 желтоқсанда Смоленск маңында, Кеңес әскерлері үшін маңызды Ржев-Сычевка теміржол магистралін азат ету үшін шайқаста қаза тапты. А.А.Сумцев Смоленск облысы Сычев ауданы Никоново ауылындағы бауырлас қабірге жерленген. Қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және ерлігі мен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
