Кеңес Одағының Батыры Зоя Космодемьянская туралы "Зоя" фильмінің кадрлары, 1943 ж.

1943 жылғы ақпанда Семей қаласына «Зоя» көркем фильмін қысқы табиғи көріністерде түсіру үшін киноэкспедиция келді. Еңбекшілер депутаттарының Семей қалалық кеңесі қиындықтарға қарамастан, 1943 жылғы 15 ақпаннан 15 сәуірге дейін келген киноэкспедицияның қарамағына орыс ауылының декорациясын салу үшін 6 ағаш қаңқалы үйді, аттары бар 5 арбаны бөлді, сондай-ақ кинофильмнің павильондық түсірілімдерін электр энергиясымен қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында біздің қалада орналасқан Тамбов жаяу әскер училищесі табиғи жағдайда түсірілімдер үшін қажетті тікенек сымды, танкіні және басқа да әскери мүлікті бөлді, сондай-ақ түсіру тобының ұжымын тұрғын үймен қамтамасыз етті. «Зоя» фильмі 1943 жылы прокатқа шықты. Зоя Космодемьянскаяның рөлін В.Водяницкая орындады, ал фильмнің режиссері — Л. Арнштам.