Нұрлан Кешрімович Бозтаев

Нұрлан Кешрімович Бозтаев, «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры Кеңесінің төрағасы, 1956 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол 1974 жылы № 20 орта мектепті, 1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультетін бітірген.

1979 жылдан 1990 жылға дейін «Алтайсвинецстрой» тресінде шебер, прораб және аға прораб болып жұмыс істеген. 1990 жылы Алматы қаласына көшіп келіп, онда «Алма-Атажилстрой» тресінің аға прорабы болып жұмыс істеді.

1996 жылдан бастап «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры қызметін атқарған. 1999 жылдан бастап «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2003 жылы қор Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) жанынан тізілімдік және консультативтік мәртебе алды.

2006 жылдан бастап – Семей өңірі бойынша ведомствоаралық үкіметтік комиссияның мүшесі.

Қор халықаралық мәртебесі бар, қайырымдылық, үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор Семей өңіріндегі ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты оңалту мәселелерімен айналысады.

2002 жылғы сәуірде қор Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) жанынан консультативтік және тізілімдік мәртебе алды.

Қор Семей өңірі тұрғындарын медициналық оңалту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, дөңгелек үстелдер өткізеді, ядролық қаруды таратпау мәселелеріне және Семей өңірі халқын оңалтуға қатысты халықаралық конференцияларға қатысады.

Н.К.Бозтаев «Семей полигонының жабылуының 20 жылдығы», «СМЗӘ ардагерлері (стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері)», «Ерекше тәуекел бөлімшесінің ардагерлері», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Мұхаметжан Тынышпаевтың 130 жылдығы» медальдарымен марапатталған.