«Digital Archive EXPO» III архившілер Конгресі

2026 жылғы 8-12 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған III архившілер Конгресі — «Digital Archive EXPO» өтті. 

image-1393-2318.peg

Халықаралық семинар Архившілердің III Конгресі аясында ЮНЕСКО-ның «Әлем естелігі» бағдарламасы бойынша өткізілді. Іс-шара барысында жасанды интеллект дәуірінде құжаттық мұраны сақтау, олардың түпнұсқалығын қамтамасыз ету және қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ спикерлер архивтерді цифрландыру, құжат айналымын автоматтандыру және ақпараттың түпнұсқалығын қамтамасыз ету салаларындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар архив саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажеттігін қолдады.

image-1393-2319.peg