Архив қызметіне көрсетілген алғыс – еңбектің бағасы
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалы ұжымына азаматтар тарапынан көрсетіліп жатқан сенім мен ризашылық – архив қызметкерлерінің жауапты еңбегінің айқын көрінісі.
Жуырда филиал директоры Қанағат Селеубайұлы Күреңкеевтің атына Астана қаласының тұрғыны мемлекеттік қызмет алушы Маржан Доғамбековадан алғыс хат келіп түсті. Хат иесі өз өтінішін қарастыру барысында көрсетілген кәсібилік пен ұқыптылық үшін архив ұжымына, әсіресе орындаушы архивист Гүлзира Дәуірқызы Тоқтароваға шынайы ризашылығын білдірген.
Алғыс хатта қажетті анықтама мен мәліметтердің уақытылы әрі сапалы ұсынылғаны атап өтіліп, архив қызметкерінің жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы жоғары бағаланған.
Мұндай жылы лебіздер архив қызметкерлерінің еңбегіне берілген әділ баға ғана емес, сонымен қатар олардың алдағы жұмысына серпін беретін маңызды қолдау болып табылады. Архив саласының басты міндеті – құжаттық мұраны сақтау және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы бағыттағы қызметтің қоғам үшін маңызы зор.
Аягөз филиалының ұжымы көрсетілген сенім мен алғыс үшін Маржан Доғамбековаға ризашылығын білдіреді және алдағы уақытта да халыққа сапалы қызмет көрсету жолында аянбай еңбек ете береді.